«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Келемұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80 нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында негізгі жобалар болып «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынң қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.
Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Біздің облысқа 829 жолдама, біздің ауданға 47 жолдама тиесілі болды. Биыл барлық селолық мектептер қамту көзделіп отыр.
Достық ауылдық округінің әкімі Ахметов Хафиз Маратович
мектеп директоры Сиражев Данил Умирхановичке "QH Жаздық жолдама-2024" қайырымдылық жобасы бойынша 2 жолдама табыс етті.
Фонд "Қазақстан халқына"
@oqu_agartu_ministrligi