2023 жылдың 17 қазан күні «Үздік педагог» мектепшілік конкурсы өткізілді. Конкурсқа мектебіміздің үш мұғалімі қатысты. Олар: бастауыш сынып мұғалімі Тасболат Б.З., ағылшын тілі пәні мұғалімі Бектиярова Ж.Е., математика пәнінің мұғалімі Султанбаева Ж.С. Ережеге сай байқау 2 турдан тұрды.
1-тур "Педагогтің шеберлік сағаты" (Қатысушы педагог пәні бойынша сабақ беру)
2-тур 1. «Педагог визиткасы»(таныстыру)
2. «Педагогикалық дебют» (Педагог әдістемелік тақырыбы бойынша жоба қорғау)
3. «Сұрақ-жауап» рубрикасы.
Байқауға қатынасқан мұғалімдер өз пәндері бойынша сыныпта ашық сабақтарын өткізді. Б.З.Тасболат 2-сыныпта қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз л мен р" тақырыбы бойынша, Ж.С.Султанбаева 6-сыныпта математика пәнінен "Рационал сандарды салыстыру" тақырыбы бойынша, Ж.Е. Бектиярова ағылшын тілі пәнінен 7-сыныпта "Communication and technology" тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
2-турда байқауға қатысушы мұғалімдер "Педагог визиткасы" бойынша өздерін таныстырса, "Педагогикалық дебютта" әдістемелік тақырыптары бойынша жоба қорғады. "Сұрақ-жауап" рубрикасында түрлі сұрақтарға жауап берді.
Байқау нәтижесінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Е.Бектиярова " Үздік мұғалім" номинациясына, бастауыш сынып мұғалімі Б.З.Тасболат "Шығармашыл мұғалім", математика пәні мұғалімі Ж.С.Султанбаева "Жаңашыл мұғалім" номинациясына ие болды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, алғысымызды білдіреміз.
"Үздік мұғалім" номинациясына ие болған әріптесіміз Бектиярова Ж.Е. байқаудың аудандық кезеңіне қатысады. Жайнагүл Едіресқызына алдағы байқауда сәттілік тілейміз.