4 желтоқсан күні он күндік аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес тарих пәні мұғалімі Ж.Ж. Аюпова 5 сынып оқушыларына «Абайдың рухани орталығына виртуалды саяхат» атты бейнеролигін көрсетті. Мұражай экспозициясына ақын Абай Құнанбаевтың отбасынан қалған көне мүліктер, түпнұсқа құжаттар, Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін бейнелейтін этнографиялық және архивтік деректер, шығыс ғұламаларының сирек кездесетін шығармалары, батыс философтарының туындылары мен замандас ақындардың жазбалары жинақталған. Сонымен бірге, экспозицияда қазақтың ұлттық салт-дәстүрін айшықтайтын, шеберлікпен жасалған жиһаздармен жабдықталған 6 қанатты киіз үй мен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қала тұрмысын танытатын құнды үй-іші мүліктері туралы айтылды.
Мақсаты: Оқушылардың Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар. Абайдың алғашқы шығармалары, оның дүние жүзі халықтарының тілдеріне аударылған өлеңдері, ақынның әдеби мұрасын жалғастырушылардың шығармаларын білу.
№
Атауы
Жүктеу
1
Сиражев Данил Умирханович
Директор
Сіздерді өз тілектеріңізді, пікірлеріңізді қалдырып, соңғы оқиғалар туралы біле алатын блогыма қош келдіңіздер!