bkogov.kz Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ДОСТЫҚ «МЕКТЕП-БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚША» КЕШЕНІ» КММ
БҚО ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
bkogov.kz
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
ДОСТЫҚ «МЕКТЕП-БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚША» КЕШЕНІ» КММ
БҚО ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
⚜️⚜️⚜️25 желтоқсан күні Достық МББК «Даналық мектебі» клубының «Жеңге кеңесі» секциясының жоспарына сай «Мұны қыздар білуге тиіс...» атты интерактивті сабақ өткізілді.
🔰🔰🔰Мақсаты: қазақтың дәстүрлі отбасындағы тәрбиеге ықпалды жеңгелер мектебінің жұмысын келіндердің педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы қыз баланы тәрбиелеудің этнопедагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану.
Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өз мәдениеті бар. Ол ұлттық құндылықтарынан, отбасындағы қарым-қатынасынан, ұрпақ тәрбиесінен көрініс табады. Дүниеге бала келгеннен бастап, оны өсіру-тәрбиелеуде ертең осы ұрпағым басқа елмен туыс етеді, үйдегі берген тәрбиемізді, осы үйде көрген өнегесін басқа үйде көрсетеді деп, отбасында жақсы тағылым беруді білген. «Әдепті келін – ауылдың көркі», «Келінді келін демесең, жақсы болса өз қызыңдай», «Балаң жаман болса да келінің жақсы болсын» деп жататыны сондықтан.
Сабақ жағдаятты шешу әдісімен өткізілді.
✅- Жеңгелер деген кім және оның қыз бала тәрбиесінде орны бар ма? деген сұраққа қатысушылар отбасындағы келіннің, жеңгенің рөлі туралы жауап беріп, сабақтың мазмұнын ашып берді
✅ -«Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауда жеңгенің не келіннің рөлі қаншалықты?» деген сұрақ төңірегінде жұмыс жасалынды. Өмірде кемшіліксіз жандар сирек. Келін болу да, ене болу да оңай емес. Бұл этноәлеуметтік рөлдердің өз қиыншылығы бар.Осы бағытта әр түрлі жағдаяттар беріліп, талқылап, оң шешімін тауып, қорытынды тұжырым жасалды:
-Кемшіліксіз адам болмайды. Өмірдің қиын сәттері – әрі сынақ, әрі сабақ.
-Отбасындағы ене мен келіннің әрбір сөзі мен ісі – берекенің кілті, ұл мен қызға өнеге.
✅«Ұлттық, отбасылық құндылықтарды сақтап, отбасындағы салт-дәстүрді сақтаудағы ісімен үлгі бола ма?» деген сұрақ бойынша «Келінің сәлем салуы» тақырыбында мәтін үлестіріліп, талқылау жұмысы жүргізілді. Диллема немесе өмірде болған жағдай.
❇️Қорытынды:
- келіннің сәлем салуы – қазақтың дәстүрі;
- келіннің сәлем салуы – кішілік ізет.
✅Сабақ қыз баланы болашақ өмірге даярлау маңызды ма?сұрақ қою арқылы қорытындыланды.
Қатысушылардың ойын төмендегіше қорытындылауға болады:
- халқымыз алдыңғы буын арқылы кейінгі ұрпақты тәрбиелеген;
- қыз бала тәрбиесі – баршаның ісі, себебі: ұлттың, мемлекеттің көп көрсеткіші осы тәрбиеге тікелей қатысты.
Атауы Жүктеу
1
2/5